USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бағдат Мусин: Ипотеканы Blockchain технологиясы арқылы рәсімдейтін боламыз

  • 17.қараша.2020, 14:17,
  • 401

Қазақстанда болашақта ипотека Blockchain технологиясы арқылы рәсімделетін болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Б.Мусин желідегі парақшасында бүгінгі Үкімет отырысында көтерілген кейбір мәселелерге түсінік берген. «Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде бердім. Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет. Бүгінде таңда, банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күнінен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процес тек сынақ форматында автоматтандырылды. Бұл бізге қандай мүмкіндіктерді берді? Ипотеканы ресімдеу мерзімін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктер тарапынан да іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз»,-деп жазды министр. Оның өзінше, Үкімет отырысында көтерілген тағы бір мәселе автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгерді. Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар Маманданыдырылған ХҚКО-ға тікелей келіп, көп уақытын жұмсайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларға жыл сайын 3 млн астам азаматтар жүгінеді. Онда қашанда ұзын-сонар кезек. «Біз енгізген жаңа процесс - базада сатып алушы ақшаны автомобильді сатушының шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді жедел пысықтағаны үшін ІІМ әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін ғана осындай ыңғайлы сервис пилоттық режимде Kaspi.kz қосымшада қолжетімді»,-деп жазды Б.Мусин.


#мусин #ипотека #несие #қаржы #тұрғынүй

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.11.2020
14.11.2020
03.11.2020
10.09.2020
06.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930