USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Баспана сатып алуға бөлінетін зейнетақы ақшасы қолға берілмейді

  • 10.қыркүйек.2020, 18:35,
  • 398

Қолға ақша берілмейді. Ақша электронды операция арқылы соңғы адамға, яғни пәтер сатушыға жетеді.

Ол зейнетақы жинағы ең төменгі жеткілікті мөлшерге жеткен салымшылар оның бір бөлігін алуға құқы бар екенін еске салды. Бұл шек адамның жасына қарай анықталады. Оған қатысты есептеулерді мына жерден табуға болады.


- Бүгінгі күні Үкімет осы реттегі іс-шараны іске асыру үшін заңнамаға түзетулер енгізіп, жоба әзірлейді. 2021 жылдан бастап талапқа сай келетін қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады деп үміттеніп отырмыз. Бұл ретте қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Егер "салымшыға зейнетақы жинақтарының бір бөлігі өз қолына беріледі ме" деген сұраққа келсек, әрине оған "жоқ" деп жауап береміз, - деді ол TENGRI TV-ға берген сұқбатында.


Оның айтуынша, мақсатты бағдарды бұл арада "Отбасы" банкі жүзеге асырады, сондықтан тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ақшаны пайдалануда осы банкті қарастыру ұсынылады.


- Ипотекалық несие алу үшін тұтынушы жүгінген кез-келген екінші деңгейдегі банкпен келісім жасалады. Ол адам "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" хабарласып, зейнетақы жинағын пайдалануға құқы бар-жоқтығын және ондағы ақша алғашқы төлемге жеткілікті ме, жоқ па, соны алдымен тексеруі керек. Осыдан соң БЖЗҚ-мен ақпараттық интеграциядағы ТҚЖБ бұл мәліметті анықтап, растайды, содан соң үш жақты келісім жасалады. Қажетті сома ТҚЖБ арқылы екінші деңгейдегі банкке аударылады. Соңында ақша пәтерді сатушының шотына барып түседі. Қолға ақша берілмейді. Ақша электронды операция арқылы соңғы адамға жетеді, - деп түсіндірді Шегай.


Тура осылай үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін де ақша бөлінеді. Құрылыс материалдарына, құрылыс қызметтеріне қажетті ақыны төлеудің банктерде бағдарламалары бар. Міне, сонда барлық құжаттар (чектер, қабылдау-тапсыру актілері және т.б.) ақшаның мақсатты бағытталғанын растайды.



#пәтер #зейнетақы #ақша 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.09.2020
02.09.2020
30.07.2020
08.01.2020
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930