Комитеттің мәліметінше, 2015 жылдан бастап комиссияға ел бойынша банктердің ипотеканы қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты 5 168 шағым келіп түскен,оның ішінде: Заңды бас тарту– 2 650; заңсыз (банктер өкілеттіктерін асыра пайдаланған) – 760; бағдарламаға өзгерістер және жаңа әлеуметтік өлшемшарттар ескеріле отырып, қарыз қайта қаржыландыруға тиіс – 1 688; қаралып жатқаны – 70. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы елімізде 2015 жылдың басынан бері жұмыс істеуде. «Қазір комиссияның жұмысында шамамен 70 өтініш жатыр, бұл - медициналық ұйымдардың, әлеуметтік қорғау және қамқорлыққа алу органдарының және т.б. қорытындысын қайтадан алған адамдар санаты, әр жағдайдың өз мән-жайы бар. Аталған шағымдар қазір қаралып жатыр, әрбір жеке қарыз алушының өміріндегі жағдайды ескеріп жатырмыз. Жылдың басынан бастап қолданыстағы бағдарламаға өзгеріс енгізілді, олар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына қолдау көрсетуге қатысты, оларға банктер борыш жүктемесін азайтуға мүмкіндік беруде», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласы бойынша Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Сәлима Жұрынова. Оның айтуынша негізгі мәселе барлық банктің адамды халықтың әлеуметтік осал санатына енгізуге ниетінің болмауы. Мұны дәлелдеу үшін қарыз алушы заң бойынша сотқа жүгінуге құқылы. «Коммерциялық банктердің сіздің ұсынымыңызды әрқашан орындай бермейтіні бар. Осындай жағдайда агенттік әрқашан өтініш берушінің жағында болады, сондықтан комиссия жұмысы нұсқаларының бірі – бұл өтініш беруші банктің және біздің құрылымдар өкілдерінің қатысуымен орналасқан жерлерде, өңірлерде келіссөздер жүргізу. Біз банк комиссиясының шешіміне қарамастан өтініш берушіге неге қайта қаржыландырудан бас тартатынын анықтаймыз. Әдетте бас тартудың көп бөлігі ипотека алушының пайдасына шешіледі. Егер мәселе келіссөз арқылы шешілмесе, онда қарыз алушы тікелей сотқа жүгінуге құқылы, одан әрі агенттік қарыз алушының мүддесін білдіреді және оны сотта толық қолдайды», - деп қорытындылады Сәлима Жұрынова. Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды 18 банк және 3 ипотекалық ұйым жүзеге асырады. Ипотека алушылардың өтінішіндегі банктердің үлесі мынадай: · Halyk Bank – 36%; · Forte Bank – 19%; · «ЦентрКредит Банк» – 14%; · «АТФБанк» – 14%; · Kaspi.kz – 5%; · «Астана Ипотека» – 4%. Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық банкі қыркүйекте тұрғын үйдің ипотекалық несиесін қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгеріс енгізілгенін мәлім етті.
#ипотека #несие #қайтақаржыландыру #банк