COVID-19-бен күресуге тартылған 2 955 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынанберілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.
Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, коронавирустан қайтыс болған 29 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударылды.
"28 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 2 955 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 29 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (638) және Алматы (373), Шымкент (140) қалалары, Қарағанды (368), Батыс Қазақстан (250), Атырау (180) және Ақмола (180) облыстары бойынша жүргізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.
#коронавирус #пандемия #төлем #дәрігерлер