USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда 2 млн теңге өтемақыны 900-ге жуық дәрігер алды

  • 26.августа.2020, 15:00,
  • 501

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 900-ге жуық медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты Медсақтандыру қорынан төлем алды.

«COVID-19-бен күресуге тартылған 899 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, Медсақтандыру қорынан ауру салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды», - деп хабарлайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін Медсақтандыру қорына жіберіледі.

Өңірлер арасында медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру бойынша ең көп төлем алған Нұр-Сұлтан қаласы (120), Алматы облысы (85), Алматы қаласы (84), Ақмола (80) және Батыс Қазақстан облыстарының (67) медицина қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына 22 шілдеде енгізілген өзгерістерге сәйкес:

  • коронавирус инфекциясы немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 млн теңге;
  • COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді


#коронавирус #эпидемия #өтемақы #дәрігерлер 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.08.2020
16.08.2020
08.05.2020
30.03.2020
26.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930