USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі тетігі

  • 02.қыркүйек.2020, 17:03,
  • 827

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың алдағы жоспарлары туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады

Министрдің мәліметінше, келесі бесжылдыққа арналған жаңа Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу мақсатында Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына қоғамдық салалық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ бизнес пен аграрлық ғылым өкілдері кірді.


Жұмыс тобының мақсаты жаңа Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасын дайындау. Нақ осы тұжырымдама бағдарламалық құжаттың негізін құрайды, онда мынадай міндеттер қамтылады:

  • ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен молықтыру;
  • ауыл халқының табысын өсіру;
  • еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру;
  • агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту.

«Қаржының, жер ресурстарының қолжетімділігін арттыру, аграрлық ғылымды дамыту, саланы цифрландыру, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ шикізаттың ғана емес, сонымен қатар оның өңделген өнімдерінің де экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері пысықталады», — деді Омаров.


Өңдеуші кәсіпорындар қуаттылықтарының жүктемесін арттыру үшін зәкірлік кооперацияны дамыту шаралары пысықталады, ол кооперацияның тік және көлденең тізбектері арқылы жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ бөлшектелген фермерлердің әлеуетін тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

«Бірге күштіміз!» атты кооперация қағидаты ұсақ тауарлық өндірістің бәсекелік артықшылықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Кооперативтерді дамыту үшін басымдық пен субсидиялаудың жоғары нормативтері, сондай-ақ жеңілдетілген салық режимдері түріндегі экономикалық жағдайлар жасалды», — деді министр.

Мысалы, биыл тамызда субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, онда ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жабдықтар мен техника құнынан 50% көлемінде инвестициялық субсидиялар, сондай-ақ кооперативтер дайындаған сүт пен етті субсидиялау мүмкіндігі көзделді.

Сондай-ақ салық заңнамасында кооперативтер үшін барлық салық бойынша 70% жеңілдік көзделген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Премьер-Министр Кеңсесінің жанындағы Жобалық офис іске асырып жатқан салалық менеджерлерді дайындау шеңберінде кооперативтерді қолдаудың қосымша шараларын енгізу талқылануда.

«Нәтижесінде ірі инвестициялық жобалардың айналасында ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйе құрылады. Әрине, бұл салалардағы өсім суармалы жерлердің ұлғаюына мүмкіндік береді. Қазір су тұтынуды азайту және ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясына көшуді ынталандыру үшін заманауи суару жүйелерінің құны 50%-ға субсидияланады, бұл суды тұтыну мен жоғалтуды бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар заманауи суару жүйелері біздің фермерлерге қолжетімді болуы үшін Қазақстанға оларды өндіруге әлемдік компанияларды тарту жұмыстары жүргізілді.

«Аграрлық ғылымды дамыту үшін Назарбаев Университетінің даму тәжірибесі бойынша Зерттеу университеттерін құру жөніндегі пилоттық жоба іске асырылады. Атап айтқанда, қарамағына 4 ғылыми-зерттеу ұйымын бере отырып, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында, сондай-ақ консорциум қағидаттарында 4 ғылыми зерттеу ұйымдарын тарта отырып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында құрылады. Бұл теорияны практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді де, бизнес үшін отандық ғылыми зерттеулерге деген сұранысты қамтамасыз етеді», — деп түйіндеді ауыл шаруашылығы министрі. 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.07.2020
19.05.2020
26.12.2019
09.11.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930