Сайлауға 254,5 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат сайлауды ұйымдастыруға, учаскелердің қажеттілігіне, мәслихат өкілдерінің(Сенат депутаттарын Мәслихат депутаттары сайлайды) жүріп-тұруына, қағаз шығаруға және өзге қажеттіліктерге жұмсалады.
«Конституцияға сәйкес, Сенат Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан 2 адам өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады», - деді отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев.