Министрліктің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша 2019 жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлінді. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өткізуге бөлінген.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының концертін өткізуге былтыр бюджеттен 70,9 миллион теңге бөлінді. Ал биыл ол қаражат 74,2 миллион теңгеге жетпекші.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жылы 67,9 миллион теңге бөлінген. Биыл да бюджеттен сол мөлшердегі ақша бөлініп отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 64 миллион теңгедей қаражат бөлінеді.