«Президенттің тапсырмасы бойынша біз трансформация бағдарламасын қабылдадық. «ҚазАгро» ықшамдалып, жұмысын жалғастырады, яғни шығындарды қысқартамыз. Алдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін жеті еншіліс компанияның үшеуін ғана қалдырамыз. Жалпы, бір мыңға жуық адам қысқартылады, бұл ретте әкімшілік шығындар оңтайландырылады. «ҚазАгроның» басқару органдарын толықтай өзгертеміз», - деді Ербол Қарашөкеев Мәжілістің жалпы отырысында. Оның сөзіне қарағанда, «ҚазАгро» директорлар кеңесіне жоғары білікті шетелдік сарапшылар тартылмақ. «2020 жылдың қорытындысы бойынша холдингті шығынсыз деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Е. Қарашөкеев.
Еске сала кетейік, биыл қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «ҚазАгро» холдингінде қызметкерлерді қысқарту жүретінін айтқан еді.
Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/