"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.
Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзыретіне кірмейтін шешімді қабылдағаны - Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік - элеваторды сату-сатып алу келісімшартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы "Интер-Агро" және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені иемденіп кеткен.
Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.