"Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "KMG EP-Catering" ("ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ жүзпайыздық еншілес ұйымы, Маңғыстау облысы аумағында орналасқан "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ еншілес компанияларын қамтамасыз етуші ұйым) ЖШС бас директорына және осы аталған ЖШС мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысына қатысты коррупциялық қылмыс істеді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады", - делінген ресми хабарламада.
Олар жеке кәсіпкерден үш миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, оның орнына азық-түлік жеткізу мәселесін шешу үшін және де ары қарай қамқорлық көрсетуге уәделескен.