USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жемқорлық жайлаған ЖОО-лар тізімі жасалды

  • 01.қараша.2019, 10:30,
  • 1 254

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады.

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда "Таза сессия" жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады.


Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып, диссертация қорғағаннан кейін дастарқан жаю және сыйлықтар беру тағы басқарсы дәстүрге айналған.


Сауалнама негізінде студенттер жемқорлық фактілері орын алады деп көрсеткен бес ЖОО рейтингі жасалды:


1. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;


2. Атырау мұнай газ университеті;


3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті;


4. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті; 


5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.



скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031