USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қаржы министрлігі тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін таныстырды

  • 19.августа.2019, 10:09,
  • 839

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдің кеден және салық қызметтерінің өкілдері үшін тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін көрсетті.



Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу кезінде «ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелу және олардың айналымының кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 16 қазандағы Хаттамаға (Бурабай хаттамасы) сәйкес Қазақстан Республикасы өзіне тауарларды қадағалауды қамтамасыз ету міндеттемесін алды, ол бойынша ЕАЭО БКТ белгіленгеннен өзгеше кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемесі қолданылды және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына мұндай тауарларды әкетуге жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылданды. ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов Комитет осындай жүйені құруда ауқымды жұмыстың жүргізілгенін, оның сәтті жұмыс істеуде екені және практикада Қазақстанның ішінде ДСҰ тауарларды толассыз бақылауды қамтамасыз ету бойынша өзінің тиімділігі дәлелдегенін хабарлады. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен соңғы тұтынушыға дейін тауарларды толассыз бақылауды қамтамасыз ететін Комитеттің ақпараттық жүйесі жұмысының артықшылығын делегаттарға көрсетті. Нақты уақыт режимінде «Виртуалды қойма» модулін пайдаланып жүйенің жұмысы көрсетілді. Тараптар тауарларды қадағалау жүйесінің сәтті іске асырылуын және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына төмендетілген мөлшерлеме бойынша әкелінетін тауарлар ағынына жол бермеу жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар тауарларды толассыз бақылау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді және ЕАЭО кеден және салық қызметтерінің ақпараттық жүйесі дамыту перспективасын талқылады. Кездесуді қортындылай келе Комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев ЕАЭО қатысушы елдердің кеден және салық қызметтері арасында стратегиялық міндеттерді іске асыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін шоғырландыруға бағытталған жағымды және конструктивті диалог болғанын атап өтті. Шараға қатысушылар орнатылған байланыс үшін алғыстарын жеткізіп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін Комитеттің бес жылдығы мерекесімен құттықтады.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.07.2019
23.07.2019
01.07.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930