USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ЕАЭО-ның перспективті тенденциялары қандай

  • 02.қазан.2019, 17:23,
  • 515

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақты ірі АСЕАН, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдармен байланыстыруда перспективті тенденциялар байқалады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



«Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одақтың келесі жылға арналған басты халықаралық бағыт-бағдарын бекітеміз. Одақ жаһандық деңгейде абыройлы бірлестікке айналды. Экономикалық одақты ірі АСЕАН, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдармен байланыстыруда перспективті тенденциялар байқалады. Қазіргі таңда Жоғары кеңестің отырысында Сингапур мемлекетімен еркін сауда жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Сингапур – біздің одақпен келісімге келген Вьетнаммен бірге екінші мемлекет. Иран Ислам Республикасымен сауда-экономикалық, логистикалық ынтымақтастық орнатудың да маңызы зор. Ирандық әрістестерімізбен бірге біз осы жылдың 27 қазанында күшіне енетін еркін сауда жөніндегі Уақытша келісімнің әлеуетін толыққанды пайдалана аламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында. Қазақстан Президенті бой көтеріп келе жатқан серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті. «Сан емес, сапа маңызды рөлге ие. Біздің одақ алға жылжып келеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеясы өзінің қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеді. Ұйым қызметін бастағалы бері экономикалық өзара қарым-қатынастың ауқымы кеңейіп, экономикалық одаққа мүше елдердің бәрінің экономикасына өз үлесін қосты. Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестікті ары қарай дамытуға, қол жеткізілген келісімді толыққанды орындауға бағытталған. Барлық келісімдер мен міндеттемелерді тиімді жүзеге асыру – комиссия мен Үкіметтердің негізгі міндеті», - деді Мемлекет басшысы. Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Еске салсақ, Армения астанасында Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Арменияның Премьер-министрі Николай Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/eaeo-nyn-perspektivti-tendenciyalary-kanday_a3571165

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.09.2019
27.09.2019
30.07.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930