USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әлихан Смайылов ЕАЭО-да көлік инфрақұрылымын цифрландыруды ұсынды

  • 30.қыркүйек.2019, 14:00,
  • 405

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еревандағы «Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумында ЕАЭО-дағы транзиттің өзекті мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



«Біріншіден, бұл көлік инфрақұрылымының 40-тан 100 пайызға дейінгі айтарлықтай тозуы. Бұл, әрине, жолдардың сапасына, логистика тиімділігінің төмендеуіне әсер етеді, тасымалдар мен тауарлар бағасының қымбаттауына алып келеді. Екіншіден, бұл бюрократизация деңгейінің жоғары болуы, сондай-ақ заманауи технологиялардың, цифрландырудың баяу енгізілуі»,-деді Ә. Смайылов.
Оның айтуынша, Қазақстан Ресеймен бірге пилоттық форматта шекараларда навигациялық пломбалар енгізді. Ендігі жоспар - оны ЕАЭО елдерінде көпжақты форматта енгізу. Бұл, олардың арасындағы транзитті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, РФ аумағы арқылы санкциялық тауарлардың транзиті мәселесін шешеді. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО ортақ логистикалық дәліздерін құру бойынша үйлестірудің жетіспеушілігіне әріптестерінің назарын аударып, Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО көлік инфрақұрылымын цифрлау мәселесін пысықтауды ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, «Еуразиялық континенттің транзиттік әлеуеті» халықаралық форумы осы күндері Армения астанасы - Ереван қаласында ЕЭК Кеңесі аясында өтуде. Форумның басты тақырыбы-трансконтинентальдық көлік байланыстарын дамыту.


Ақпарат көзі: https://www.inform.kz



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.08.2019
15.08.2019
26.08.2019
11.07.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031