"Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылған болатын. Оған Скандинавия және Балтық елдері кіреді. Банктің жарғылық капиталы 6 миллиард 142 миллион еуроны құрайды. Осы капитал - оған мүше мемлекеттердің ақшасы. Олардың ішінде Латвия, Литва, Дания, Эстония, Исландия, Норвегия және Швеция бар. Ал банктің Қазақстанға келуі энергетика, жасыл экономика, өнеркәсіп салалары, көлік, телекоммуникациялар, ауыл шаруашалығы, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мүмкіндік береді",- деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.