USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Altyn Bank халықаралық біріктірілген қарыздың жетекші ұйымдастырушы және банк қатысушысы ретінде қатысты

  • 09.августа.2019, 07:48,
  • 545

Altyn Bank (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) біріктірілген қарыз шеңберінде «Кишлок курилиш банк» АКБ (Өзбекстан Республикасы) банкін сомасы 3 миллион доллармен қаржыландырды, уәкілетті жетекші ұйымдастырушысы болып ресейлік «Транскапиталбанк» ҚАҚ қатысты.

Мәміле қатысушылары ретінде, Altyn Bank басқа, 6 ресейлік қаржы институттары да атанды. Несие қарыз алушыға жалпы корпоративтік мақсаттарға, сондай-ақ қарыз алушының клиенттерінің сауда келісімшарттарын қаржыландыруға мерзімі бір жылға берілді.

«Аталған кіріктірілген қарыз, ауқымды экономикалық реформаларды іске асырушы Өзбекстан мемлекетінің банк жүйесі тарихында бірінші рет болып отыр», - деп түсіндірді Altyn Bank басқарма төрағасының орынбасары Жанар Айқымбаева, - және де біз осы алғаш рет жасалып жатқан мәміленің өзбекстандық және ресейлік әріптестер арасында ұзақ мерзімді серіктестіктің басталуына жол ашады деп сенеміз. Бұл мәміле – Altyn Bank қатысқан үшінші халықаралық синдикат болып табылады. Біз бұдан кейін де өзіміздің стратегиямызға сәйкес келетін халықаралық бизнес бағытын белсенді түрде дамытуға ниеттеміз».

2018 жылы Altyn Bank халықаралық синдикат қатысушысы атанды және «Белинвестбанк» ААҚ (Беларусь) банкін сомасы 3,5 миллион евроға және «АСБ Беларусбанк» ААҚ (Беларусь) банкін 4 миллион евроға қаржыландырды.

Дереккөз: www.afk.kz

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930