USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Банк ВТБ (Қазақстан) екі жылдық облигацияларды орналастырып, 4,9 миллиард теңге тартты

  • 23.августа.2019, 07:38,
  • 618

2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымының екі жылдық облигацияларын орналастыру бойынша арнайы сауда-саттық өтті. Ұсынысқа сұраныстың арақатынасы 115,7% құрады. Нәтижесінде 4 874 730 000 теңге сомасына 4 сауда-саттыққа қатысушыдан 7 өтінім қанағаттандырылды. Сатып алушы үшін облигациялардың кірістілігі жылдық 10,42% құрайды.

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес осы орналастыру бойынша мәмілелер сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте орындалды. Бұл ретте тарту көлемі бойынша 34,6 % екінші деңгейдегі банктер, 0,5 % – брокерлік-дилерлік ұйымдар, 64,9 % – басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.

- Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың белсенді қатысушысы болып табылады. Облигацияларды сәтті орналастыру қаржы нарығына қатысушылар тарапынан банкке деген мүдделілік пен жоғары сенімділік деңгейін көрсетеді. Осы сауда-саттық нәтижелері бойынша біз тартымды кірістілік бойынша тұрақты қорландыруды алдық. Бұл қаражатты Банк клиенттеріне тиімді, бәсекеге қабілетті қарыздар беруге жұмсауды жоспарлап отыр, - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары - Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі Юрий Миронов.

S&P халықаралық агенттігінің тәуелсіз бағалауына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің бірі – "BB+/B" ие, болжам тұрақты.

Дереккөз: www.afk.kz

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30