«Алдағы уақытта әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқаларын ұсынады. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша толық ақпаратты беретін боламыз. Жоба аяғына дейін жеткізіледі, нысанды тапсыру мерзімі алдағы жылдың соңына белгіленіп отыр», - дегі Үкімет басшысының орынбасары.
Қазірде LRT құрылысына бөлінген қаржының дұрыс игермелуіне байланысты, «Астана» банкі қаржыны мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
«Нұр-Сұлтан қаласында LRT жобасын жүзеге асыру қазіргі уақытта елорда әкімдігі «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ-мен, Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірге «Астана банкі» АҚ-дағы бұғатталған қаржысын алу мәселесін қарастыруда. Жобаны одан әрі іске асыру мәселесі 24 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады», - деді Ж. Қасымбек.