USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Cалымшылар депозиттерін өтеу мерзімі қысқарады

  • 09.июля.2019, 19:30,
  • 500

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшылардың депозиттерін өтеу уақытын қысқартты.

4 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


Заңда банк дәрменсіз болған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) резервінен салымшыларға өтем төлеу мерзімін қысқартуы қарастырылған.


Заңның жаңа нормасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


«Қазіргі уақытта мынадай норма қолданылады: ҚДКБҚ банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде өтем төлеуді бастайды. Іс жүзінде, тіпті әрбір кезеңді, соның ішінде апелляциялық іс жүргізуді ескере отырып, соттарда істерді жедел қараған кезде де сот рәсімдері банк лицензиясынан айырылған күннен бастап 4-5 айға созылуы мүмкін»,- делінген Қордың хабарламасында.


2018-2019 жылы бұл норма  «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ 286 мың салымшысына қатысты қолданылды.



скачать dle 12.0
Фото авторы : inform.kz
Тағы да оқыңыздар:
01.07.2019
08.06.2019
08.06.2019
29.05.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930