USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Зейнетақы жинағының төлемін пайдалану бойынша ережеге өзгерістер енгізілді

  • 11.желтоқсан.2021, 11:23,
  • 125

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды.

Ведомствоның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылғандай, енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды:

  • тұрғын үй сатып алу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын рәсімдеу қажет.

  • жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке үй салу.

Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.


Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылдан бастап БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу үшін белгіленген ең төменгі жеткілікті шек ұлғайтылады.


Қоғамдық резонанстан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің нормативтен тыс жинақтарын пайдалануға үлгермеген азаматтарды қолдау мақсатында бұрынғы жеткілікті шек көлемін қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.10.2021
01.09.2021
08.06.2021
13.02.2021
09.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031