USD 540.18
EUR 628.93
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банк коллекциялық монеталардың жаңа түрін шығарды

  • 27.қараша.2019, 15:00,
  • 690

Қазақстан Ұлттық банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен "Дала қазынасы" монеталар сериясынан Quraq kórpe коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан Kόbelek. Lasiommata maera коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

"Әйгілі қазақ көрпесінің тарихы ежелден бастау алады: әуелі көрпешені сәбидің үстіне жабады, одан соң ол түрлі түсті көрпенің үстінен жүгіреді. Ал тағы біреулер бұл көрпені қалыңдықтың жасауына дайындайды. Уақыт өзгереді, бәрімізге таныс әженің көрпесін қолдану да өзгереді. Алуан түрлі ою-өрнектер, кемпірқосақтың барлық түсі - осының бәрі қазақ көрпесі, қолдан жасалған құрақ көрпе", - деп жазады Ұлттық банк баспасөз қызметі Quraq kórpe монеталарының сипаттамасы туралы. 


Номиналы 200 теңгелік "Kόbelek. Lasiommata maera" монеталарының сипаттамасында былай делінген: "Мера барқыты" көбелегі Қазақстанның тауларында кездеседі, Кіші, Орта және Орталық Азияда, сондай-ақ солтүстік Африкада, Еуропада және Батыс Сібірде кеңінен таралған. Латын тіліндегі түр атауы ежелгі грек мифологиясынан алынған және Атланттың қызы - Мерамен байланысты".  



скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
17.10.2019
02.10.2019
11.09.2019
31.07.2019
09.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930