USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Абайдың мерейтойына орай 100 және 500 теңгелік монеталар шықты

  • 10.августа.2020, 12:00,
  • 351

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10 тамыз күні «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Атап айтқанда, номиналы 500 теңгелік монета - күмістен, номиналы 100 теңгелік шақа - мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік монета нейзильбер қоспасынан жасалған. Монеталар ақын және ағартушы Абайдың 175 жылдығына орай шығарылды. Ұлттық банктен мәлім еткендей, Қазақстан аумағында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату мерзімі кейінірек хабарланатын болады. «Сату күні туралы ақпарат ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылады», - деді банктен. «ABAI. 175 JYL» монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» жазулары орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Төменгі бөлігінде «TEŃGE» жазбасы және күміс монетада оның номиналын білдіретін «500» саны және мельхиор мен нейзильбер монеталарында «100» саны бейнеленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Абай Құнанбаевтың мүсіндік портрет бейнесі, күміс және мельхиор монеталарда интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу технологиясын қолдана отырып орындалған сия құтысының және қаламұштың стильдендірілген суреті орналасқан. Портреттің оң жағында – қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түріндегі ою-өрнек таспасы, оның астында Абайдың туған жылын, 175 жылдығын мерекелейтін күнді және соғылған жылын білдіретін «1845-2020» деген жазба орналастырылған. Оң жағында - металдың массасын білдіретін «31,1 g» деген жазба бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде «175» және «JYL» деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі, күміс монетада монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде латын графикасында «ABAI» деген жазба бар. Техникалық өлшемдері: «Рroof» сапалы монеталар 925/1000 сынамды күмістен, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, номиналы 500 теңгелік, таралымы 1 500 данада дайындалды. «Вrilliant uncirculated» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 8 000 данада дайындалды «Вrilliant uncirculated» сапасылы монеталар МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 75 000 данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.


#абай #мерейтой #монеталар #ұлттықбанкі

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.06.2020
28.01.2020
27.11.2019
17.10.2019
02.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930