USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген тиын шығарды

  • 19.наурыз.2021, 15:02,
  • 306

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген тиын шығарды. 

Қазақстан Ұлттық банкі құрамдас бөлігінде алтын компоненті бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталарын шығарады."Номиналы 1 000 теңгелік, жалпы массасы 62,2 грамм, 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 46,2 грамм, құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы 16 грамм, "proof" дайындау сапасымен, диаметрі 50 милиметр монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Монеталар кәдесый орамында шығарылады және мемлекеттік тілде, орыс, ағылшын тілдерінде Қазақстан Ұлттық банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

"Монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті", - делінген хабарламада.

Монеталар сатылымға шығатын күнге қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.


#Назарбаев #тиын #ақша #ҰлттықБанк #қаржы 


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.02.2021
10.08.2020
11.06.2020
27.11.2019
02.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031