USD 497.89
EUR 520.89
RUB 5.47
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бюджетке түскен салық көлемі арты

  • 22.қараша.2021, 14:46,
  • 178

Өткен жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық салық түсті.

2021 жылғы қаңтар-қазан айларындамемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойыншажоспары 102,2%-ға орындалды (жоспар бойынша 8 118,7 млрд. теңге, 179,9 млрд. теңгеге асыра орындаумен 8 298,6 млрд. теңге түсті), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға немесе 1 948,5 млрд теңгеге өсті, оның ішінде:


- Республикалық бюджет 100,4%-ға орындалды (жоспар бойынша 5 414,2 млрд.теңге, 23,9 млрд. теңгеге асыра орындаумен 5 438,1 млрд. теңге түсті), өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,1%-ға немесе 1 441,2 млрд. теңгеге өсті.


- Жергілікті бюджет 105,8%-ға орындалды (жоспар бойынша 2 704,5 млрд.теңге, 156,0 млрд. теңгеге асыра орындаумен 2 860,5 млрд. теңге түсті) 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға немесе 507,3 млрд. теңгеге өсті.


2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар бойынша 400,9 млрд теңгеге немесе 1,9 есе, корпоративті табыс салығы бойынша 481,2 млрд теңгеге немесе 48,5%-ға, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша 194,2 млрд теңгеге немесе 36,9%-ға, 3-ші елдерден импортқа қосылған құн салығы бойынша 110,3 млрд теңгеге немесе 21,0%-ға және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша 107,0 млрд. теңгеге немесе 47,9%-ға байқалады.


Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.


Ағымды жылғы 10 ай ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 68,8%-ға, мысқа 56,0%-ға, алюминийге 46,4%-ға, мырышқа 34,5%-ға, күміске 29,2%-ға, қорғасынға 20,9%-ға және алтынға 2,7%-ға. Мұнайға салынатын әкету кедендік бажының мөлшерлемесі 64,0%-ға өсті (2020 жылдың 10 айында 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,5$, 2021 жылдың 10 айында 1 тоннаға – 61,5$).


Үшінші елдермен тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында 10,0%-ға өсті (экспорт 21,9%-ға өсті, импорт 10,5%-ға төмендеді).

2021 жылғы 9 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тауар айналымы 28,7%-ға өсті (63 917 млрд. теңгеден 82 293 млрд. теңгеге дейін).


Көрсетілген кезең ішінде бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналардан орташа түсімі 11,8%-ға өсті (33,4 млн. теңгеден 37,4 млн. теңгеге дейін).

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.10.2021
26.10.2021
31.07.2020
23.08.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728