USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауыл шаруашылық саласына Дүниежүзілік банк грант бөлетін болды

  • 08.қараша.2021, 11:05,
  • 107

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Вашингтонда Дүниежүзілік банк басшылығымен ауыл шаруашылығын дамытуды қолдауға бағытталған техникалық көмек бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесуде ауыл шаруашылығын өсіруге, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға және АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының басымдықтары негізінде азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану саласында неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған орнықты аграрлық азық-түлік жүйесін құруды қолдауға бағытталған гранттық қаражат есебінен Қазақстанға екі жылға есептелген техникалық көмек көрсету мәселелерін талқылады.


Техникалық көмек шеңберінде халықаралық сарапшылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, субсидиялау жүйесіне терең талдау жүргізді, мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ұсынылды, қаржылық қолдау көрсетуге жәрдем көрсетілді.


Сонымен қатар, климаттың өзгеруін, Қазақстанның бір бөлігінің қуаңшылыққа ұшырауын назарға ала отырып, Дүниежүзілік банк оның ауыл шаруашылығына әсерін азайту және басқару мен оның салдарын жұмсарту бойынша тиімді стратегия әзірлеу жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі. Қазақстандық тараптың айтуынша, бұл ұсынымдарды барлық мүдделі органдар мұқият зерделейтін болады.


Тараптар техникалық көмек шеңберінде оң нәтижелерге қол жеткізуге қадам жасайтынын растады, сондай-ақ байланыстардың жоғары серпінін қолдауға келісті.


Бағдарлама қазірдің өзінде 13 елмен аналитикалық жұмыста қолдау көрсету және реформалардың техникалық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асырылатын нұсқаларын ұсыну үшін ынтымақтасып отыр. Ауыл шаруашылығы саясатын қайта құру бойынша көмек аясында банк тұрақты ауыл шаруашылығына көшу бойынша күш-жігерді жұмылдыру мақсатында жаһандық хабардарлықты арттыру және консенсус қалыптастыру үшін жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.10.2021
14.10.2020
06.10.2020
02.09.2020
12.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930