USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

20 қазанда бірнеше салықтар мен төлемдер төлеу мерзімі аяқталады

  • 19.қазан.2021, 14:41,
  • 150

2021 жылдың 20 қазанында кейбір салықтардың төленетін мерзімі аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады.

Сонымен, салық есебінің келесі нысандарын ұсыну қажет:

  • 328.00 нысаны бойынша 2021 жылдың қыркүйек айындағы тауарларды импорттауға және жанама салықтарды төлеуге өтініш;
  • 851.0 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдердің сомасын есептеу. (Уақытша ақылы жер пайдалану туралы келісім 2021 жылдың қыркүйегінде жасалса немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру лицензиясы 2021 жылдың қыркүйегінде алынған жағдайда).
  • 870.00 нысанына сәйкес, 2021 жылғы қыркүйекте экологиялық рұқсат алған жағдайда жылдық жиынтық төлем сомасы 100 АЕК-ке дейінгі төлеушілер үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем туралы декларациялар;

Сондай-ақ мынадай салықтар мен алымдар төленуі тиіс:

  • Еуразиялық экономикалық одақтағы 2021 жылдың қыркүйегіне арналған ҚҚС;
  • акциздер, оның ішінде 2021 жылдың қыркүйегі үшін ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағынан импортталған тауарларға;
  • қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер: 2021 жылға жалпы жылдық көлемде 100 АЕК дейінгі төлем мөлшерінің нормативін өтеу (рұқсат құжаты 2021 жылдың қыркүйегінде берілген жағдайда);
  • 2021 жылдың 3 тоқсаны үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін төлемдер.
2021 жылғы салықтар мен төлемдер мерзімдері және салық есептілігін тапсыру уақыты туралы ақпаратпен Салық күнтізбесінде танысуға болады.
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.09.2021
12.08.2021
23.06.2021
18.06.2021
14.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930