USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

20 қыркүйекте бірқатар салық түрлерін төлеу мерзімі аяқталады

  • 17.қыркүйек.2021, 15:14,
  • 159

2021 жылдың 20 қыркүйегінде кейбір есеп нысандары мен салықтар мерзімі аяқталады.

20 қыркүйекке дейін салық есептілігінің келесі нысандарын ұсыну қажет:

  • 2021 жылдың тамызы үшін тауарларды импорттау және 328.00 нысаны бойынша жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер;
  • 851.00 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі (2021 жылдың тамызында ақылы негізде уақытша жер пайдалану туралы шарт жасалған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіруге лицензия алынған жағдайда);
  • 870.00 нысаны бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем туралы 2021 жылға арналған декларациялар. (төлемнің жылдық жалпы көлемі 100 АЕК-ке дейін және экологиялық рұқсат 2021 жылғы тамызда алынған жағдайда);

- келесі салықтар мен төлемдерді төлеу:

  • Еуразиялық экономикалық одақтағы 2021 жылдың тамызына арналған ҚҚС;
  • акциз, оның ішінде 2021 жылдың тамыз айы үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға;
  • қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдер: 2021 жылға жалпы жылдық көлемі 100 АЕК-ке дейінгі төлем мөлшерінің нормативін өтеу (рұқсат құжаты 2021 жылдың тамызында берілген жағдайда).


2021 жылы салықтар мен төлемдерді төлеу және салық есебін тапсыру мерзімдері туралы ақпаратпен Салық күнтізбесінде таныса аласыздар.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.08.2021
23.06.2021
18.06.2021
14.06.2021
14.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031