USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

16 тамызда екінші тоқсанның салық тапсыру мерзімі аяқталады

  • 12.августа.2021, 15:43,
  • 246

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 16 тамызында 2021 жылдың 2-ші тоқсанына салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады.

Сонымен, 16 тамызға дейін салық есебінің келесі нысандарын тапсыру қажет:


510.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін қол қою бонусы бойынша декларация;


101.03 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін резидент табысының төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп айырысу;


101.04 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін резидент еместің табысының төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есеп айырысу;


200.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларация;


300.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;


400.00, 421.00 нысандарымен 2021 жылғы маусымның салық салынатын құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін акциз бен төлемдер туралы декларация;


500.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін өнімді бөлісу келісімшарты бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушының роялти, өндіріс бонусы, өнім бөлудегі ҚР үлесі, жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі туралы туралы декларация;


531.00 нысанына сәйкес, заттай салық міндеттемесінің орындалуы туралы декларация (есеп):


- жер қойнауын пайдаланушылар 531.01 қосымшаға сәйкес, 2021 жылдың 2-ші тоқсанына арналған декларацияны ұсынады;


- мемлекет атынан алушылар 531.02, 531.03 қосымшаларға сәйкес 2021 жылдың 2-ші тоқсанына ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады;


560,00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсанындағы тарихи шығындарды өтеу төлемі туралы декларация, егер тарихи шығындарды өтеудің төлем мөлшері 10 000 АЕК-тен асса;


570.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін экспортқа ренталық салық бойынша декларация;


590.00 нысанымен 2021 жылдың 2ші тоқсаны үшін пайдалы қазбаларды өндірудің салық декларациясы;


701.01 нысанымен 2021 жылға жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі, 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер үшін;


710.00 нысанымен құмар ойындары бойынша 2021 жылдың 2-ші тоқсанына арналған салық декларациясы;


860.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсанына жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану төлемі туралы декларация;


870,00 нысанымен 2021 жылғы 2-ші тоқсанға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем туралы декларация. (ластану нысаны бойынша төлемнің жылдық көлемі 100 АЕК және одан жоғары объектілер үшін, жылжымалы ластану көздері үшін);


910.00 нысанымен 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жеңілдетілген декларациясы;


913.00 нысанымен 2021 жылдың 2-ші тоқсаны үшін бөлшек сауда салығының Арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің декларациясы.


2021 жылы салықтар мен төлемдер және салық есебін тапсыру мерзімдері туралы ақпаратпен Салық күнтізбесінде таныса аласыздар.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2021
23.06.2021
18.06.2021
14.06.2021
14.05.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930