2021 жылғы 21 маусымда 328.00 нысанымен Тауарларды кіргізу мен және жанама салықтарды, ЕАЭО ішіндегі ҚҚС және акциз, оның ішінде 2021 жылдың мамырында ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер территориясынан импортталған тауарлар бойынша салық төлеу туралы өтінім ұсыну мерзімі аяқталады, деп ескертеді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Сондай-ақ, департамент аталған мерзімге дейін мыналарды тапсыру қажет екенін хабарлады:
- 851.00 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларын есептеу, егер 2021 жылдың мамырында уақытша өтеулі жер пайдалану туралы келісім жасалған немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алынған болса;
- 870.00 нысанына сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем туралы 2021 жылға арналған декларация, егер 2021 жылдың мамырында жылдық жалпы көлемінде 100 АЕК-ке дейінгі төлемдермен экологиялық рұқсат алынған болса.
Жалпы жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем мөлшері үшін нормативті өтеу кезінде қоршаған ортаға эмиссия үшін 2021 жылға арналған Төлемді төлеу қажет.
2021 жылы салықтар мен төлемдер және салық есептерін ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен салық күнтізбесінде таныса аласыз.
#салық #эмиссия #айыппұл #экономика