USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БЖЗҚ 246 миллиард теңге қайтарылды

  • 24.қыркүйек.2021, 19:44,
  • 161

Қазақстандықтар үй-жай жағдайын жақсартуға арналған 246 млрд теңгеден астам ақшаны пайдаланбағандықтан БЖЗҚ-ға қайтарды.

Қордың мәліметінше, 2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 438 834 өтініші орындалды.


"Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,8 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,2 млн теңге", - делінген хабарламада.


Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,9%), Маңғыстау облысының (14,0%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған.


Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 240,7 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.


"Сондай-ақ, БЖЗҚ емделуге берілген 40,1 млрд теңгеден астам сомаға 43 453 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңгені құрайды", - дейді БЖЗҚ баспасөз қызметі.


Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан ("Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 6,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2021
13.02.2021
28.01.2021
28.01.2021
24.12.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031