USD 514.93
EUR 536.04
RUB 5.18
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БЖЗҚ салымдар 145,6 миллиард теңгеге қысқарды

  • 30.июля.2021, 13:10,
  • 266

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-маусымда 145,6 млрд теңгеге немесе 1,1%-ға азайып, 12 767,8 млрд теңге болды. 

ҚР Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен "таза" кіріс 2021 жылғы 1 шілдеде 6 304,6 млрд теңгеге дейін 751,0 млрд теңгеге ұлғайды.


Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы 1 шілдеде 10,9 млн шот болды.


2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,7 трлн теңге болды.


2021 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 39,6% және 25,9%) тиесілі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.04.2021
28.01.2021
28.01.2021
24.12.2020
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031