USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің азық қорымыз қанша уақытқа жетеді?!

  • 23.августа.2021, 11:36,
  • 151

Ауылшаруашылығы министрлігі халықты негізгі азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша мәліметтерді ұсынды.

"Өңірлердің жедел деректері бойынша ағымдағы жылдың 20 тамызында республика бойынша жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарларының қоры бар, оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна. Бұдан басқа, 495,7 млн. дана жұмыртқа қоры бар", - деп хабарлайды ҚР АШМ.


Көрсетілген көлем өнім түрлеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті.


Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қорлар үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қор бар, деп атап өтті құзырлы ведомства.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді. Мониторинг тұрақтандыру қорларындағы, ірі сауда желілеріндегі, жеткізушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларындағы қорларды ескереді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.07.2021
25.06.2021
07.02.2020
26.09.2019
21.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031