USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Зейнетақы жинағын шешуге өтініш қабылдайтын онлайн платформа іске қосылады

  • 30.желтоқсан.2020, 13:47,
  • 468

Өтініш беру үшін электронды кілтіңіз болса, жеткілікті.

Порталдың жұмысы өте қарапайым. Ол арада сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңызды қандай мақсатқа жұмсағыңыз келетінін таңдай аласыз. Бірінші мақсат - өзіңізге жеке баспана сатып алған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу. Бұл сатып алу-сату шарты, үлестік қатысу, жекешелендіру, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үлестік қатысу, бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау туралы келісім болуы мүмкін, - дейді "Отбасы банкі" АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.


Екінші мақсат - адам жаңа үй сатып алып жатса, онда ақшасын ипотека бойынша алғашқы жарнаны төлеуге жұмсау.

Үшінші мақсат, банк басшысының пікірінше, кең қолданысқа ие - ипотекалық несие бойынша қарызды ішінара немесе толық өтеу.

Төртінші мақсат - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша тұрғын үйге ипотекалық несие алу.

Бесінші мақсат - қайта қаржыландыру.


Алтыншыдан - тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша қарызды толық өтеу де қарастырылған, - деп түсіндірді Ибрагимова.


Жетінші мақсат, оның айтуынша, ең көп сұранысқа ие. Оған сәйкес, адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мұқтаж туыстарына беруі.

Сегізінші мақсат - емделу.



зейнетақы жинақ салымшы өтініш онлайн-платформа 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930