USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

BI-Group құрылыс компаниясы пәтер бағаларын төмендетті

  • 19.августа.2021, 15:48,
  • 206

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешеніне 2021 жылдың 17 тамызынан бастап баға төмендетілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, BI Group Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4%-ға дейін төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төмендетілетін бағаның негізділігіне талдау жүргізе отырып бұл мәлімдемемен келіспеді.


Нәтижесінде, монополияға қарсы органның хабарламасын орындау аясында BI Group 2021 жылдың 17 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үйдің бағасын орта есеппен 8% - ға (4 ТК - стандарт класс, 25 – комфорт, 19 - бизнес, 3 – премиум-класс), Алматыда 24 тұрғын үй кешеніне 11 %-ға (1 ТК – стандарт-класс, 12 - комфорт, 8 - бизнес, 3 – премиум-класс), Атырауда 2 тұрғын үй кешенінде 4%-ға (2 ТК - комфорт-класс) Шымкентте 1 тұрғын үй кешенінде 3% - ға (1 ТК - бизнес-класс) төмендетеді.

Барлық тұрғын үй кешендері бойынша бағаның төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды құрайды, төмендеу диапазоны – бір шаршы метріне 10 000-нан 125 000 теңгеге дейін. Мысалы, елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі ауданы 85 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің бұрынғы бағасы 34,3 млн теңге болса, баға төмендетілгеннен кейін 31,7 млн теңгеге түсті. Бағалары төмендетілген тұрғын үй кешендерінің тізімі қоса беріледі.


Бұған дейін хабарланғанымыздай, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, талдау жүргізу барысында бірқатар компанияның тұрғын үй бағаларын белгілеу және ұстап тұруға қатысты келісілген іс-қимыл белгілері анықталды. Олардың қатарында "BAZIS – A", "BI Group" холдингтері, "РАМС-Қазақстан" компаниясы бар. Қазіргі уақытта BAZIS-A және РАМС-Қазақстан Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасын төмендетті.


Маңызды: Егер, сізге BI Group кеңселерінде тізімде көрсетілген тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді төмендетілген бағалар бойынша сатудан бас тартылған жағдайда бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне dkzrk.kense@azrk.gov.kz электрондық мекенжайы немесе 8 (7172) 65-16-86 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.05.2021
02.02.2021
Қазақстанда 2020 жылы баспана бағасы қымбаттады ма?

Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы 2020 жылы 17,2 пайызға өсті. Мұндай деректерді Кrisha.kz сайтының сарапшылары келтірді. Олар былтыр тұрғын үй бағасының қалай өзгергенін және бағаның ауытқуының себебі неде екенін де  айтты. 

30.11.2020
14.11.2020
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031