USD 520.48
EUR 574.61
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда 2020 жылы баспана бағасы қымбаттады ма?

  • 02.ақпан.2021, 14:03,
  • 366

Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы 2020 жылы 17,2 пайызға өсті. Мұндай деректерді Кrisha.kz сайтының сарапшылары келтірді. Олар былтыр тұрғын үй бағасының қалай өзгергенін және бағаның ауытқуының себебі неде екенін де  айтты. 

Кrisha.kz деректері бойынша, 2020 жылғы желтоқсанның соңында Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ұсыныстардың орташа бағасы бір жыл ішінде 17,2 пайызға өсті. Нұр-Сұлтанда өсім - 3,6, Алматыда - 11,9 пайызды көрсетті. Ең жоғары динамика Петропавлда, атап айтқанда - 28,7 пайыз, сондай-ақ Павлодар мен Семейде, тиісінше 26,5 және 25,2 пайыз байқалды.

"Кrisha.kz пікірінше, соңғы айлардағы бағалардың ауытқуы зейнетақыны алумен байланысты емес. Бағаның өзгеру себептері - инфляция, доллар бағамына түзетулер, 2016-2017 жылдардағы дағдарыстан кейін қалыпқа келу, жоғары сұраныс, жаңа тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендігі, құрылысшылардың объектілерді салуға шығындарының өсуі және басқалары", - деп түсіндірді krisha.kz мамандары.

Порталда баға индексіне, яғни бір шаршы метрдің орташа құнына нарық құрылымы, атап айтқанда қымбат және арзан, үлкен және кіші пәтерлердің қатынасы да әсер ететіні жазылды.



#баспана #баға #тұрғынүй #қазақстан #экономика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.12.2020
30.11.2020
03.09.2020
20.07.2020
08.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930