USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде баспана қымбаттауы мүмкін бе?

  • 30.қараша.2020, 12:44,
  • 378

Сарапшы 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің айтуынша, баспана нарығында бастапқы нарықтағы тұрғын үйлер қымбаттап жатыр. Бұл элит, бизнес және жайлы санаттағы пәтерлерге қатысты екен.

Сарапшының сөзіне қарағанда, бағаның қымбаттауы құрылыс заттарының шетелден әкелінуімен байланысты.

Ал эконом санаттағы баспананың бағасы, сарапшының айтуынша, өзгеріссіз, бірқалыпты.

"Себебі барлық мәміле екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үй бағдарламаларының операторлары арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар тарапынан алынған субсидияланған ипотекалық қарыздар негізінде жүргізіледі. Экономкласс - бүгінгі таңда сату-сатып алу процестері ең белсенді жүріп жатқан санат.

Сонымен қатар, бұл үйлер 80 пайыз қазақстандық құрылыс материалдарынан салынып жатыр. Сондықтан олардың бағасы көтерілмейді", - дейді ол.

Жылжымайтын мүлік Федерациясы президентінің болжамы бойынша, 2020 жылдың соңында және 2021 жылдың басында баспана қымбаттамайды. 

"Карантин салдарынан халықтың көбі табысынан айырылды. Көптеген сала қызметкері жұмыссыз қалды. Пәтер иелері клиенттерін жоғалтты. Сондықтан тұрғын үй бағасы өсуінің алғышарттарын көрмеймін", - деді Мүсірепов.



#баспана #баға #құны #қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.10.2020
14.10.2020
10.09.2020
22.11.2019
12.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930