"Бүгінде тұрғын үй нарығындағы баға жағдайы тұрақсыз. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде бастапқы тұрғын үй 5,5 пайызға қымбаттады. Екінші реттік тұрғын үйлерде биылғы жылы одан да көп өсім байқалады - 12,3 пайыз. Сатып алу-сату мәмілелерінің саны жыл басынан бері 2,5 есеге - 175 мың мәмілеге артты.
Ел басшылығы баспанамен қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралар да бұған әсер етеді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер етеді", - деді Жұманғарин Open space-талқылауында.
Ол агенттік баға мәселесін талдайтынын айтты.
"Қаңтар-сәуірде отандық құрылыс материалдары 16 пайызға қымбаттады. Құрылыс компанияларының мәліметі бойынша, бағаның өсуі жарты пайызды құраған.
2020 жылдың осы кезеңінде баға керісінше төмендеді", - деп нақтылады Жұманғарин.
Сондай-ақ, ол тұрғын үй шаршы метрінің құны туралы айтты.
"49 пайызы құрылыс материалдарынан, 10 пайызы жалақыдан, 9 пайызы үстеме шығындардан, 6 пайызы пайдадан тұрады. Құрылыс материалдары шығындарының құрылымында кірпіштер, темірбетон бұйымдары, әрлеу материалдары мен металл конструкциялары үлкен үлеске ие", - деді агенттік басшысы.
Жұманғариннің айтуынша, 2020 жылдың екінші жартысында арматура бағасы күрт өскен. Осыған байланысты құрылыс компаниялары кірпішті қолдануға көшті, бірақ ол да сұранысқа жауап ретінде қымбаттаған.
#баспана #пәтер #баға #құны #тұрғынүй