USD 443.44
EUR 480.51
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміздің кредиттік деңгейі анықталды

  • 04.августа.2021, 12:46,
  • 127

Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) Қазақстанның кредиттік рейтингін BBB+ деңгейінде растады, болжам "тұрақты". 

"Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ + деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты"", - делінген primeminister.kz сайтында.


"Тұрақты" болжам ең жоғары ықтималдық үлесімен 12-18 ай аралығында рейтингтің өзгермейтіндігін болжайды.


АКРА жаңартылған есебіне сәйкес, бағалау тұрақтылығының факторлары а.ж. экономиканың жоғары өсу қарқыны, ұлттық экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың елеулі ағымы, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі ұлттық резервтермен нығайтылған орнықты сыртқы ұстаным болды.


АКРА 2021 жылы экономикалық өсудің 3,9%-ға дейін қалпына келуін күтуде. АКРА бағалауы бойынша, ел экономикасының өсу әлеуеті жоғары болып қалуда және жылына шамамен 4-4,5% құрайды.


Сонымен қатар, тұрақтылық факторлары ретінде АКРА қоғамдық та, мемлекеттік те институттар сапасындағы оң динамиканы атап өтеді.


Адами капиталды тұрақты арттыру ұзақ мерзімді оң әсер ететін тағы бір фактор болып табылады. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның соңғы бағалауларына сәйкес Қазақстанның адами капитал индексі Орталық Азия елдері бойынша орташа деңгейден асып түседі және санаты бойынша салыстырмалы елдер тобы рейтингінің шеңберінде неғұрлым жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.


АКРА Мәскеуде 2015 жылдың 20 қарашасында Ресей Банкінің шешімімен құрылды. Акционерлер 27 ресейлік компания мен қаржы институттары, соның ішінде "Райффайзенбанк", "Сбербанк", "Альфа-Банк", "Газпромбанк", "Московская Биржа ММВБ-РТС".

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.03.2021
12.01.2021
07.09.2020
20.07.2020
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031