USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Депозиттер бойынша сәуірге максималды шек анықталды

  • 01.наурыз.2021, 11:27,
  • 271

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың сәуір айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

Ең табысты салым – әдеттегідей толықтыру құқығы жоқ, мерзімі 12 айлық жинақ депозиттер – 14%. Еске саламыз, теңгелік жинақ депозиттер бойынша жоғары мөлшерлемелермен қатар көтеріңкі кепілдік сомасы да қарастырылған – 15 млн теңге.


2021 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейі қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тәуелді.


Мерзімді депозиттердің нарықтық мөлшерлемелерге тәуелді мөлшерлемелері де өзгеріссіз қалды. Өйткені жүйелік деңгейде тиісті өнімдер бойынша банктер ұсынатын мөлшерлемелерге қатысты қандай да бір айқын үрдіс байқалған жоқ.


Нарықта 24 айға ашылатын жинақ салымдар бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісіне байланысты олар бойынша мөлшерлемелер аздап төмендеді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.11.2020
04.10.2020
10.09.2019
11.07.2019
05.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930