USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақылы жолдардан күніне қанша ақша түсетіні белгілі болды

  • 02.августа.2021, 15:47,
  • 196

Алматы облысында ақылы екі жол учаскесі бар. Олар "Алматы-Шелек-Қорғас" және "Алматы-Қапшағай-Талдықорған" жолы. Бұл жолдар жүк көліктерінің жүктемесіне төтеп беру үшін бетоннан жасалған.

ҚазАвтоЖол" ЖШС-нің "Алматы-Қорғас" ақылы жол бөлігінің басшысы Марат Сырымбай бұл бағытта жүретін көліктен күніне 1 млн 400 мың теңгеге жуық қаражат түсетінін айтты.


"Алматы-Қорғас" ақылы тас жолы 2018 жылы пайдалануға берілген. 295 шақырымды тас жол бірінші дәрежелі 1Б жолына жатады. Күніне 400 мыңнан астам көлік жүреді. Ақылы жолдың тарифі 1-25 теңге аралығында. Жеңіл көліктер 1 шақырымға 1 теңге төлесе, жүк көліктеріне баға басқаша. Ақылы жолдың осы аумағынан күніне 1 млн 400 мың теңге қаражат түседі, - дейді ол.


Сондай-ақ Сырымбай жолдың бүлінген бөлігін лезде жөндеп, қыста қардан тазартып, тайғақ жерге құм себілетінін айтады.


Көліктен түскен қаражат жолды жөндеуге, оны қалыпты жағдайда ұстап тұруға жұмсалады. Биыл 1200 шаршы метр аумаққа орташа жөндеу жұмысы жасалды. 317 шаршы метр аумақта жолдың жарылуы бітелді. Сондай-ақ 616 шаршы метр аумақты құрайтын асфальт бетонына жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жақында күннің қатты ысуынан төрт жерде бетон көтеріліп кетті. Оны сол күні қайта жөндедік. Бұл жол Қытайға апаратындықтан, әсіресе жүк көліктері пайдаланады. Алайда пандемия басталғалы көлік ағыны азайды. Бетоннан жасалған жол ауыр жүкке шыдамды, - дейді жолдың басшысы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
17.05.2021
30.04.2021
12.03.2021
01.10.2020
15.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031