USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда Жеңіс күніне байланысты ардагерлерге миллион теңгеден беріледі

  • 30.сәуір.2021, 15:29,
  • 327

Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылы 30 сәуірде өткен IV сессиясында депутаттар жеңістің 76 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бірреттік әлеуметтік көмек төлеу туралы ұсынысты қолдады. 

Ұсынысты қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева ұсынған еді.

"Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай біржолғы төлем мөлшерін 500 мыңнан бір миллион теңгеге дейін арттыруды ұсынамыз. Сонымен қатар, тыл ардагерлеріне, сондай-ақ бейбіт уақытта қаза тапқан ҰОС ардагерлері жұбайына 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетуді ұсынамыз", - деді Назира Тоғызбаева.

Ардагерлерге 1 миллион теңгеден және еңбек майданына қатысушыларға әрі бейбіт уақытта қаза тапқан ардагерлер жұбайына 50 мың теңгеден біржолғы төлем беріледі.

Сонымен, ҰОС 123 қатысушысы мен мүгедектерінің әрқайсысына 1 миллион теңгеден беріледі, 4 мыңға жуық адамның әрқайсысы 100 мың теңгеден, ал 12 мыңнан астам адамның әрқайсысы 50 мың теңге алатын болады.

Анықтама:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 1 миллион теңгеден (123 адамға 123 миллион теңге);
  • жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 100 мың теңгеден (1 709 адамға 170,9 миллион теңге);
  • басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 мың теңгеден (2 725 адамға 272,5 миллион теңге);
  • Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне 100 мың теңгеден (1 адамға 0,1 миллион теңге);
  • Ауғанстандағы немесе жауынгерлік ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 100 мың теңгеден (29 адамға 2,9 миллион теңге);
  • еңбек майданына қатысушыларға (ҰОС кезінде тылда жұмыс істеген), соның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталғандарға, сондай-ақ марапатталмағандарға 50 мың теңгеден (12 мың адамға 600 миллион теңгеге жуық);
  • ҰОС қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, ҰОС қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Блокададағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 50 мың теңгеден (590 адамға 29 млн. теңгеге жуық).



#ардагер #ҰОС #ақша #Алматы #қаражат 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
28.01.2021
20.10.2020
21.08.2020
08.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031