USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

COVID-19: Дәрігерлер өтемақысына тағы 71,5 млрд теңге бөлінеді

  • 18.июня.2021, 19:55,
  • 182

18 маусымда "Алтын жүрек" ескерткішінің ашылу рәсіміндегі сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде мемлекет тарапынан дәрігерлер мен жалпы медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған ынталандыру шаралары топтамасы қабылданғанын айтты. 


– Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төленетін тек үстемеақы мен сақтандыру жәрдемақылары үшін 180 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Үкімет биылғы қазан айына дейін төлемақы беруді жалғастыру үшін осы мақсатқа қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Біз дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыруды бастадық. Бұл үрдіс жалғаса береді, – деді Мемлекет басшысы.
Президент өз сөзінде медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың тиімді жүйесін құру маңыздылығына назар аударды.

– Бұл жүйеде ауылдық жерге келген мамандарға міндетті түрде тұрғын үй беру, біржолғы жәрдемақы төлеу және басқа да жеңілдіктер қамтылған. Мұндай шаралар облыстар мен қалалар әкімдерінің белсенді атсалысуымен еліміздің барлық өңірінде қабылдануға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



#өтемақы #дәрігер #коронавирус #күрес #жәрдемақы 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.04.2021
11.11.2020
24.09.2020
26.08.2020
05.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031