USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жыл басынан көпбалалы аналар 200 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды

  • 11.қараша.2020, 16:18,
  • 583

Жыл басынан көпбалалы аналар 191,6 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды.

2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында жалпы сомасы 191,6 млрд теңгеге 386,8 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. «Қазан айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 20,5 млрд теңгеге 388,1 мың отбасы алды. Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан артық бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған», - делінген Еңбек министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде. Атап айтқанда, 8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға - 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға - 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге төленеді. Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді. 2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жекелеген мөлшерлерді белгілеу арқылы осы жәрдемақыны кеңейтуді қамтамасыз ететін заңға қол қойды.



#жәрдемақы #аналар #өтемақы #қаражат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.07.2020
05.01.2020
27.11.2019
11.08.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930