USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

210 бейкүнә адамның сыртынан 26 миллион теңге несие алынды

  • 07.июня.2021, 17:37,
  • 240

Елорда тұрғындары 210 адамға сырттай онлайн-несие тіркеген. Күдіктілер азаматтардың жеке деректерін әлеуметтік желілерден алған.

Қостанай облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері микрокредиттік ұйымдардың бірінде онлайн несие алуға өтініш білдірген екі астаналық тұрғынның азаматтарды алдау схемасын анықтады. Алаяқтар әлеуметтік желіден азаматтардың жеке деректерін алып, оларды пайдалана отырып, онлайн-несие рәсімдеді. Алаяқтардың әрекетінің салдарынан республикамыздың 12 аймағында 210 адам зардап шекті. Несиелер 70-тен 300 мың теңге көлеміне дейін тіркелген, - деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.


Жәбірленушілердің көпшілігі өз атына несие тіркелгенін полиция қызметкерлерінен, қалған бір бөлігі SMS хабарламалар келгенде, микрокредиттік ұйымдардың қызметкерлері қоңырау шалған кезде бір-ақ білген.


Азаматтарға келтірілген жалпы материалдық шығын 26 миллион теңгені құрады. Киберқылмыскерлер түрлі банктердің виртуалды карталарына қаражаттарды аударып, кейіннен оларды букмекерлік кеңседе ставкалар қоюға пайдаланды, - деді ол.


Қазіргі уақытта күдіктілер Қостанайдың уақытша тергеу абақтысына қамалды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.04.2021
28.04.2021
31.10.2020
08.07.2020
19.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031