USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ТЖ кезінде несие төлеуді кейінге шегеру кредит тарихына әсер ете ме

  • 08.июля.2020, 10:30,
  • 403

Төтенше жағдай режимі кезінде туындаған қиындықтарға байланысты несие төлемі мерзімін кейінге шегеру қазақстандықтардың кредит тарихына әсер ете ме? Бұл сауалға ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінің өкіліне екінші деңгейлі банктер Төтенше жағдай режимі кезінде 42 500 әлеуметтік төлем алған азаматтарға несие бермей жатқандығын айта келе: «Төтенше жағдай режимі кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген несие төлемі мерзімін кейінге шегеру және әлеуметтік жәрдемдер қазақстандықтардың кредит тарихынан теріс әсер ете ме?», - деп сұраған еді.


«Қаржы нарығын реттеу және даму агентігі қабылдаған қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленген аталған төлемдер кредит тарихының нашарлауына негіз бола алмайды», - деп жауап берді Берік Шолпанқұлов.


Сонымен қатар ол дәл осы себепке байланысты банктер кредит беруден бас тартқан жағдайда азаматтардың өкілетті органдарға шағымдануға құқы бар екендігін баса айтты.


#несие #экономика #қаржы #банк #кредит

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.05.2020
15.04.2020
17.03.2020
23.07.2019
18.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930