USD 539.55
EUR 627.55
RUB 6.7
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

1,5 млн қазақстандықтың несие тарихы бұзылғандығы туралы ақпарат сақталған

  • 28.сәуір.2021, 14:24,
  • 344

Несиесін жапқан 1,5 млн қазақстандықта несие тарихы бұзылғандығы туралы ақпарат сақталған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Абдрахманов айтты.

«Агенттік экономикалық талдау жүргізген болатын. Қазіргі уақытта елде екі кредиттік бюро бар. Оларда 6,7 млн-ға жуық қарыз алушы бойынша ақпарат жинақталған, яғни осы мәліметтерде қазіргі несиелер мен өтелген қарыздар, сондай-ақ төлеу мерзімі өтіп кеткен несиелер қамтылып отыр. Осының арасында 1,5 млн адам несиесін жапқанымен, бірақ олар бойынша нашар несие тарихы сақталып отыр. Өйткені бұл адамдар төлеу мерзімін 90 күннен асырып алып алған. Бұған байланысты банктер мен мкроқаржылық ұйымдар оларға жаңа қарызды беруден бас тартады. Аталған 1,5 млн адамның арасында бес жылдан астам уақыт бұрын төлеу мерзімі өтіп кеткен қарыздарын 489 мың адам жапты», - деді Н. Абдрахманов. Оның айтуынша, несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда тиісті нәтиже болады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Осы орада проблемалық несиелер бойынша ақпаратты сақтау мерзімі қысқартылмақ.



#несие #тарих #банк #Қазақстан #экономика #талдау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.10.2020
14.10.2020
08.07.2020
23.06.2020
10.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930