USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Блогерлер айына 3 млн теңгеге дейін табады деген рас па?

  • 31.мамыр.2021, 14:26,
  • 325

Бұл сиыр сауып, сүт пісіріп күнделікті тіршілікпен көпшілікті баурап отырған блогер Айнұр Жәкенова. Инстаграм қолданушысы Ақтөбе облысында тұрады. Бүгінде Айнұрдың тұрақты оқырмандары бар. Сондай-ақ, кейіпкеріміздің Зита және Гита есімді екі сиыры да интернет жұлдыздары. Зеңгі баба ұрпақтары күнделікті жайылымнан желіні толып келеді. Сүтті молынан береді. Ал, блогер өзінің жаны сүйетін іс арқылы ай сайын тұрақты табыс тауып отыр.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Айнұр Жәкенова, блогер:


Блогерліктің де қиын тұстары бар әрине. Ең бірінші қиындығы деп айта аламын. Бізде ешқандай демалыс жоқ. Жаңағы айтады ғой көзден кетсең көңілден де кетесің деп. Үнемі оқырмандарымыздың көз алдында болуымыз керек. Сонымен қатар, оқырмандарымыздың неше түрлі сын пікірлерін көтере білуіміз керек. Ия, сіздікі дұрыс деп оны қабылдай білуіміз керек.


Әлеуметтік желі оның ішінде инстаграмның дәурені жүріп тұрған уақытта пайдалы контент ұсынған блогерлер жақсы табыс тауып жүр. Оны осы салада жүргендердің көпшілігі мойындайды. Бірақ, жарнаманың да рөлі үлкен. Блогер қанша белсенді болса табысы да ұлғаяды. Сондықтан, бұл жаңа мамандық иелері халыққа ұсынған өнімдерінің сапалы болуына аса мән беретін көрінеді.

Айнұр Жәкенова, блогер:


Блогерліктен енді мынандай сумма деп айта алмаймын. Тұрақты табыс емес, әр айда әр түрлі. Белсенділігіңе, парақшаны жүргізуіңе байланысты табыс табамыз. Кейде жарнама көп болса өте көп табыс табуға болады. Жарнама азайып қалса аз табыс табамын. Бірақ, Аллаға шүкір еңбегіңе қарай табыс жаман емес блогерліктен.



Көпшілікке ерекше контент ұсынып жүрген келесі блогер Ақерке Үсенова. Ол Қарағанды облысы Ұлытау ауданына қарасты Сарысу ауылында тұрады. Кейіпкеріміз келіндік міндетімен қатар күнделікті өрістегі қозы лақты түгендеп, мотоцикл мен жүк көліктерін тізгіндейді. Сондай-ақ, қора тазалап, қи ойып, қой қырқады. Осы арқылы оқырмандарының көңілін тауып жүр.


Ақерке Үсенова, блогер:


Негізі блогер болудың артықшылықтары барған жеріңде танып жатады. Біраз көмегі тиіп жатады. Ал, қиыншылықтары кейбір кісілер түсінбейді. Блогер деген кім ол қалай табыс табады деп. Блогер болып жақсы ақша табуға болады. Менің инстаграмда ең алғаш көп тапқан суммам 100 мың теңге. Сондықтан, жақсы контент жасаңыздар. Өсіңіздер өніңіздер.


Ал, Жандос Бақыт есімді блогер елге "Ауыл вайнері" есімімен танымал. Жас жігіт күнделікті ауылдың тіршілігін еш боямасыз халыққа ұсынып, оқырманды баурап алған.

Жандос Бақыт, блогер:


Әлеуметтік желіге не жүктеп не салсам да басқа блогерлердікінен ерекше болсын деймін. Қалай бар солай саламын. Жасандылық жоқ. Тек қана шынайылық. Сиыр сауғанымды, есекке мінгенімді мал баққанымды, қой қырққанымды барын саламын. Өйткені, менің аудиториямдағы көрермендерге, оқырмандарға сондай шынайылық керек. Себебі, қазір шынайылық азайып бара жатқандай.


Бүгінгі сұралған блогерлер өздерінің табысы жайлы ашық айтпады. Бұл тақырыпты айналып өтті. Бірақ, құпия болған күннің өзінде еліміздегі блогерлер жөнінде қысқаша сараптама жүргізіп көрдік. Сонымен, 1 мыңнан – 5 мыңға дейін оқырмандары бар аккаунтпен әр пост үшін 2 мыңнан - 12 мың теңгеге дейін пайда табуға болады. 5 мың оқырманнан жоғары блогерлер - 42 мыңға дейін ақша алса, 100 мыңнан 1 млн-ға дейінгі жазылушысы бар аккаунт 250 мың теңгеге дейін табыс әкеледі. Ал, 1 млн-нан жоғары оқырмандары бар блогерлер 3 млн теңгеге дейін ақша алады екен. Әрбір екінші адам блогер болғысы келетіні осыдан шығар. Бірақ, бұл заманауи мамандық кез-келген адамның қолынан келе бермейді.



#блогер #табыс #жалақы #медиа #БАҚ 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.05.2021
15.11.2020
17.09.2020
31.07.2020
03.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031