USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нотариус, адвокат пен сот орындаушылары 5 мамырға дейін ЖТС төлеуі керек

  • 04.мамыр.2021, 14:04,
  • 563

Нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылары, медиаторлар сияқты жеке практика мамандары жеке табыс салығын 5 мамырға дейін төлеуі керек. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді.

Мұндай тұлғалардың кәсіптік қызметті жүзеге асырудан алған табыстары салық салуға жатады. ҚР Салық кодексінің 336 және 365-баптарына сәйкес, жеке практиктердің салық салынатын кірістеріне мыналар жатады:

  • атқарушылық құжаттарды орындау қызметінен түскен табыс;
  • заң көмегін көрсеткені үшін төлем ретінде алынған табыс;
  • нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынған төлемдер;
  • қорғау мен өкіл болумен байланысты шығыстарды өтеу ретіндегі төлемдер

Жеке практиктердің өз кірістерінен төлеуі тиіс негізгі салығы – ЖТС. ҚР Салық кодексінің 365-бабы 2-тармағына сәйкес, бір ай ішінде алынған барлық кірістер айдың аяғында қорытындыланып, оларға 10% мөлшерінде белгіленген ЖТС ставкасы қолданылуы керек.

Жеке практиктердің кірістерінен ЖТС төлеу мерзімі – табыс алынған айдан кейінгі айдың 5-іне дейін. Яғни, сәуір айында алынған кірістерге салық 5 мамырға дейін төленуі керек.



#нотариус #адвокат #салық #ЖТС #ақша #қаражат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.04.2021
02.03.2021
21.02.2021
24.11.2020
14.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930