USD 485.82
EUR 554.03
RUB 6.24
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

71 жастағы ақмолалық бірінші рет зейнетақы алды

  • 15.қараша.2020, 16:21,
  • 411

Бұланды ауданының 71 жастағы тұрғыны бірінші рет зейнетақы алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Бұланды ауданында пробациялық есепте тұрған тұлға жасы бойынша зейнетақы алу үшін құжаттарын рәсімдеуге көмек сұраған.

«Анықталғандай, 71 жастағы ер адам осы күнге дейін зейнетақы алмай келген, әр түрлі жұмыстан түсетін жалақыға күн көрген. Аудандық пробация қызметкерлері оның өтінішіне құлақ түріп, жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы құжаттарын рәсімдеуге көмектесті», - дейді Ақмола облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Ер адам осы күнге дейін құжаттарының рәсімделмеу себептерін түсіндірді.

«Тағдырым осылай болды. Құжаттарымның біразын жоғалтып алдым. Оның қалпына келтіру үшін ақшам болмады. Аудандық пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Енді аз да болса, зейнетақымды алатын боламын», - деп ағынан жарылды зейнеткер.



#зейнетақы #зейнеткер #қария #ақша #қаражат #ақмола 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
13.11.2020
10.09.2020
09.09.2020
02.09.2020
30.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930